Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 25 қыркүйек сағат 13:25-те Жетісу ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon автобусының жүргізушісі Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Райымбек даңғылына жақындаған кезде ол рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан. Соққыдан ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ көлігіне барып соғылған.
Жол апатынан ЗИЛ жүргізушісі мен автобус жолаушылары медициналық көмекке жүгінді.
Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Еске салайық, Алматыда үш көлік соқтығысып, жолаушы зардап шеккен еді.