Алматыда автобуста пышақпен жанжал шығарған ер адам қамалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 38 жастағы ер адам жолаушылар автобусында жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан.

Фото; Алматы қаласының әкімдігі

Жетісу аудандық полиция басқармасына автобустағы жанжал туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам агрессивті әрекетін жалғастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Полицейлер оны тоқтатып, қаруын алып, полиция бөлімшесіне жеткізді.

38 жастағы ер адамға қатысты екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот оған 12 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Полиция заңды талаптардың міндетті түрде орындалуы тиіс екенін, ал оған бағынбаған жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске салайық, Таразда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталған еді.