АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысының Қарасай ауданында «Ақсай» бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түсті.
«Аталған жерде су құбыры жарылғаны анықталды. Қазір «Қазселденқорғау» және су арнасының күштерімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын.
Жалпы, Алматының таулы аймақтарында көшкін қаупін тудыратын 145 учаске бар.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.