Алматыда балалар үйіндегі өрт оқшауланды

Фото: ҚР ІІМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда балалар үйінің ғимараты өртенді.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты жанған. Ғимаратта адамдар болмаған. Ал тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Фото: ҚР ІІМ

- Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметі келді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды, - деп хабарлады ТЖД.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетті.

Фото: ҚР ІІМ

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатқанын жазғанбыз.