«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС нысанды бесінші рет саудаға шығарды, ол 26 мамырда өтуі тиіс еді. Алайда тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты аукцион өтпеді. Базардың бастапқы бағасы - 28 639 882 000 теңге болды.
«Байсат» базары бұған дейін де бірнеше рет аукционға қойылған болатын. Былтыр нысан бойынша сауда-саттық қараша және желтоқсан айларында өтпей қалды. 2026 жылы тағы бірнеше аукционда сатып алушы табылмады.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылған болатын.