Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, TikTok желісіне жүргізілген мониторинг барысында екі жігіттің әдепсіз, былапыт сөздер айтып, балағат сөздерді қолданған бейнежазбалары анықталған.
- Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған. Полиция қызметкерлері олардың жеке басына қатысты мәліметтерді анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Аталған факті бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттен.
Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамау жазасы тағайындалған. Полиция жарияланған материалды «әзіл» ретінде көрсету жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар 10 тәулікке қамалды.