Алматыда Би-2 тобының концерті өтпейтін болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ресейлік «Би-2» тобының концерті өтпейтін болды. Бұл туралы музыканттар Instagram парақшасында хабарлады.

Фото: Топтың желідегі парақшасынан

«Біз Қазақстанда тамыз айының соңында өтетін FAMILY ROCK FEST-те өнер көрсете алмайтынымызды өкінішпен хабарлаймыз. Ұйымдастырушыларға барлық күш-жігерлері үшін алғыс айтамыз. Болашақта осы тамаша фестивальде өнер көрсетуді асыға күтеміз»,- деп жазды «Би-2» тобы. 

Музыкалық топ өнер фестиваліне қатыспауларының себебін атамады.

Бұған дейн Алматыда 20, 23 және 25 қаңтарға жоспарланған Валерий Меладзенің концерті кейінге шегерілгені туралы жазған болатынбыз