Алматылықтар желіде Dostyk Plaza ойын-сауық орталығында адамдардың эвакуацияланғанын жазып жатыр. Кей тұрғындар нысанда не жағдай болғанына қызығушылық білдірген.
Аталған жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
— 2 қарашада Алматы полициясына Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел қызметтер бірден жетті. Тексеру нәтижесі бойынша жарылғыш құрылғы туралы ақпарат расталмады. Қауіп сейілді, — деп жауап берді департаменттен.
Еске салайық, кейінгі аптада бұл — жарылғыш зат қойылғаны туралы үшінші хабарлама. Бұған дейін полиция 20 қазанда UIB және тағы бірнеше университетте тексеру жүргізген болатын.
28 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінің эвакуацияланды. Тексерулер кезінде бомба туралы ақпарат расталған жоқ.