Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы екі көшенің учаскесі уақытша жабылады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, LRT құрылысына дайындық аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 15 тамыз сағат 23:00–ден 16 тамыз сағат 06:00–ге дейін Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Фото: Алматы әкімдігі

Одан бөлек Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 15 тамыз сағат 20:00–ден 17 тамызға дейін Сәбденов көшесінен Сағатов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Фото: Алматы әкімдігі

— Жұмыс жүргізілетін учаскелерде ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, ертең веложарысқа байланысты Алматының әл-Фараби даңғылында қозғалыс шектеледі.