Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, № 131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.
— Бастапқы деректер бойынша қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады.
Полиция аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр.
Еске салайық, Астанада автобус локомативпен соқтығысты.