Алматыда екі күнде 21 заңсыз орнатылған дүңгіршек бұзылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жұмыстары басталды.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, мегаполисте екі күн ішінде 21 заңсыз нысан бұзылды. Мәселен, Әуезов ауданында екі дүңгіршек бұзылды. Онда кондитерлік өнімдер мен көше тағамдары сатылған.

Фото: Алматы әкімдігі

– Бұл ретте нысандар сумен жабдықтауға және су бұруға қолжеткізе алмаған әрі электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз өздері қосылған. Көкжиек шағынауданында көкөністер мен нан өнімдерін сатумен айналысқан заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нүктелері де бұзылды. Оның айналасы абаттандырылмаған, бұл жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудырды,– деп атап өтті әкімдіктен.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бұзу жұмыстары жүргізілетін орындар да қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, қалада 157 стационарлық емес сауда нысандарын орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.

Еске салсақ, бұған дейін стационарлық емес заңсыз сауда нысандардың бұзылатыны туралы жазған едік.