Алматыда екі күнде жол ережесін бұзудың 3 мың дерегі тіркелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 3 және 4 тамыз күндері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 3 341 дерегі анықталды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы прокуратурасының мәліметінше, оның ішінде жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 190 өрескел бұзушылық болған.

Атап айтқанда:

* көлік құралын мас күйде басқару — 14;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың басқаруы — 3;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, соның ішінде қауіпті маневр жасау — 158;
* жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралдарын пайдалану және басқару — 2;
* қауіпсіздік белдігін тақпау — 115;
* жолдың қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кету — 13;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану — 89.

Екі күнде мамандандырылған айыппұл тұрағына 122 көлік құралы қойылған.

Еске салайық, Алматыда биыл көріктендіру қағидаларын бұзғандарға 110 млн айыппұл салынды.