Алматыда екі күнге жол қозғалысы ішінара шектеледі
16:36, 10 Шілде 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Полиция департаменті Үкіметаралық комиссияның жұмысына байланысты қала көшелерінде ішінара шектеу қойылатынын хабарлады.
— Алматы қалалық Полиция департаменті 2024 жылғы 11-12 шілде аралығында Үкіметаралық комиссияның жұмыс істеу мерзіміне орай, жол қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды. Кейбір аймақтарда қозғалысты реттеу болуы мүмкін. Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларды түсініп, кептеліске жол бермеу үшін өз бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады, — деп хабарлайды департамент баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматының екі ауданында суық су өшірілетінін жазған едік.