Алматы әкімдігінің мәліметінше, Орталық стадион маңында құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті, көрермендердің қауіпсіздігін жіті қадағалайды.
Концертке сағат 16:00–ден бастап Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағынан кіру басталады. VIP Standing санатындағы билет иелері Сәтбаев көшесі жағынан кіреді. Кіреберісте тексеріс жүргізілетіндіктен, ережемен алдын ала танысып, тыйым салынған заттарды өзімен бірге алмау ұсынылады.
Стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Сол себепті көрермендерге бағытын алдын ала жоспарлап, ертерек барған жөн.
Еске салсақ, мұның алдында Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылатыны хабарладық.