«2023-2024 жылдары күзгі, қысқы маусымнан қысылмай өтіп, тұтынушыларды сапалы газбен қамту ету үшін 10 жөндеу, 7 апаттық бригада жұмылдырылды. Жөндеу бригадалары қажетті материалдармен, құрылғы, құрал-жабдық, арнайы киіммен және техникамен толық жабдықталды», - деді Талғат Бұрамбаев.
Оның айтуынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бүгінгі таңда 5 мыңнан астам шақырым газ құбырын пайдаланады.
Оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 4 шақырым құбыр қанағаттанарлық жағдайда, желілер 36%-ға тозған.
Брифинг барысында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ділдәбек Күлтеміров табиғи газ бен көміртегі тотығы аққан жағдайда, газ беруді тоқтататын газ дабылдарын орнатуды ұсынды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімі басшысының орынбасары Ғалым Бекен табиғи газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.
«Пеш пайдалануға өз іс-әрекетін бақыламайтын және пеш жағу ережелерін білмейтін балалар мен адамдарды жіберуге тыйым салынады. Газды қыздыратын құрылғыға өз бетінше қандай да бір өзгерістер енгізуге, жылыту үшін газ аспаптарын пайдалануға, терезелер жабық кезде пештерді пайдалануға, газ аспаптары орнатылған үй-жайда ұйықтауға, демалуға болмайды. Газдың ағып кетуіне күдік туындаған жағдайда газ қызметінің «104» нөміріне қоңырау шалу қажет, сондай-ақ, пәтерде газдың иісі болған кезде барлық газ крандарын дереу жауып, үй-жайды тексеріп, ашық отты пайдаланбау, электр құралдарын қоспау қажет», - деді Ғалым Бекен.