Алматы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол бойы мен жүргіншілер аймақтарының жағдайы тұрақты бақылауға алынған.
Қазір қала тазалығын қамтамасыз етуге 3250 жұмысшы мен 1225 арнайы техника жұмылдырылған. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда қосымша 612 арнайы техника мен 590 жұмысшы тартылмақ. Одан бөлек 200 жол машинасы да жұмысқа кіріседі.
- «Қазгидромет» мәліметінше, 16 қарашада күндіз Алматыда жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы 2… 4 градус шамасында болады. Қаланың коммуналдық қызметі ауа райын тұрақты бақылап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, өткен апта Алматыда толассыз жаңбырдан кейін жақында жөнделген жолдар зақымданғанын жазғанбыз.