АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен кішкентай бала құлап, мерт болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенер болсақ, қайғылы жағдай 27 шілде күні «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан көпқабатты үйде болды.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Осыған дейін Қызылорда қаласында бір күнде ересектердің қарауынсыз қалған үш бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы жазған едік.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.