— Жетісу ауданында, Тобаяқов көшесінде алдын ала мәлімет бойынша қойма ғимаратында өрт шыққан. Өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және оның таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылып, күштер мен құралдар жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысында 83 гектар жер өртеніп кеткенін жаздық.