Өрт ошақтарына қол жеткізу және оның әрі қарай таралуын болдырмау үшін шатырдың бөлігі ашылып жатыр.
Құтқарушылар құрылымдарды сулап, кейбір элементтерді алып тастап, өртті тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасайды.
Өртті оқшаулау және толық жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылған.
Бұдан бұрын Алматыда екі қабатты қойма ғимараты өртеніп жатқанын жазғанбыз.