Алматыда Құлжа тас жолы мен Әшімов көшесінде қозғалыс шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, Құлжа тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі. Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады.

Фото: Алматы әкімдігі

24 шілде сағат 20:00–ден 27 шілде 08:00–ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, 24 шілде сағат 23:00–ден 26 шілде сағат 15:00–ге дейін Құлыбеков көшесінен Машанов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық жабылады.

Еске салайық, Алматыда Төле би көшесін ұзартуға байланысты автобус бағыттары өзгеретінін жазғанбыз.