Алматы әкімдігінің мәліметінше, LRT құрылысына дайындық жұмыстарына байланысты Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейін Төле би көшесінің бойында көлік қозғалысының уақытша шектеу қойылады.
Аталған жол учаскесі 11 тамыз сағат 22:00-ден 12 тамыз сағат 06:00-ге дейін жабық болады.
- Жұмыстар жүру кезінде аталған учаскені көрші көшелер арқылы айланып өту мүмкіндігі болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға, уақытша жол белгілерінің талаптарын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын сақтауға кеңес беріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністік үшін алғыс айтамыз, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда бірнеше күнге Жандосов және Центральная көшелері жабылады.