— Қазір қалада ЖРВИ тобына жататын метапневмовирус анықталған жоқ, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы бойынша жедел респираторлық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 12164 жағдайы тіркелді.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті метапневмовирустың Қазақстанда да таралып жатқаны туралы мәлімдеген еді.
Ал СҚ-Фармация елде метапневмовирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті екенін жеткізді.