АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда КамАЗ мопед айдаған 22 жастағы жігітті қағып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жол апаты Б. Момышұлы көшесінде болған.
Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«22 жастағы мопед жүргізушісі «Ивеко» маркалы жүк көлігімен соқтығысу салдарынан қаза тапты. Сараптама тағайындалды», — деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы қаласының полицейлері мегаполисте жүргізушінің басын жарған мопедшілерді іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.