Алматыда жүргізушінің басын жарған мопедшілер іздестіріліп жатыр

Алматыда жүргізушінің басын жарған мопедшілер іздестіріліп жатыр
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде екі мопедшімен ер адам арасындағы төбелестің бейнежазбасы тарады.

Бейнероликтен ер кісі мен қолына арматура ұстаған мопедшілер арасындағы төбелесті көруге болады. Жанжал салдарынан көлік жүргізушінің басы жарылған. Адамдар төбелесті тоқтатып, оқиға орынан кетпекші болған мопедшілерді тоқтатуға тырысқан. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда», - деп хабарлайды департамент баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Медеу спорт кешені алдында төбелес болып, жанжалға қатысқандардың бірі балта қолданғанын жазғанбыз. Полиция қақтығысқа қатысқан екі адамның да ұсталғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram