Алматыда оқушы қыздар жігітті соққыға жықты
18:45, 26 Мамыр 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматының орталығында қарт адамды жұдырықтың астына алған ер адамның ұсталғаны туралы жазған едік.