Алматыда оқушы өзіне қол салды

Фото: Pexels

  АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жасөспірім өз үйінің жанында асылып қалған.

Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

- Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылы Алматыда көпқабатты үйден секіріп кеткен оқушы қыздар мерт болғанын жазғанбыз.