«Бұл тұлғалардың кім екені белгілі. Қазір уақытта олардың орналасқан жерін анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге олардан ешкім жауап алып жатқан жоқ. Қазір біз барлық құжаттарды көтеріп жатырмыз», - деді Айбат Мырзамадиев.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар анықталатынын айтты.
«Қазір қолда бар құжаттарды зерттейтін боламыз. Арнайы өрт-техникалық зертханалар тексерулер жүргізеді. Осыдан кейін жауапты лауазымды тұлғалар анықталып, кейін қылмыстық іс қозғалатын болады», - деді ол.
Осыған дейін өрт кезінде зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілетіні туралы жаздық.