Алматыда Первомайская нефтебаза көшесі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 қараша сағат 05:00–ден 2 қараша сағат 08:00–ге дейін Солтүстік айналма тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

— Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлау сұралады, — деп мәлімдеді әкімдік.

Еске салайық, Алматыда Орталық көшесі бірнеше түнге жабылатыны хабарланды.

Сонымен қатар Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесі уақытша жабылды.