Әлеуметтік желілерде Алматыда полицейлердің мопедшінің қуып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Бейнежазбадан мопедшінің жаяу жүргіншілер аймағында жоғары жылдамдықпен қашып кетуге тырысқанын көруге болады.
— Мопед жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тіпті жаяу қашып кетпек болды. Алайда тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады полициядан.
Бұған дейін полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ 2006 жылғы азаматты ұстаған еді.
Еске салайық, Алматыда мотоцикл екі жол жұмысшысын қағып, мерт қылған болатын.