Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанлда, қадағалау қызметінің шеңберінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметке лицензияның заңсыз берілгендігі анықталды.
Лицензияны уәкілетті орган белгiленген тәртiптi бұза отырып, яғни мемлекеттiк органдардың мiндеттi қорытындыларынсыз берген.
-Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорынның 44,5 мың тонна прекурсорға берілген лицензиясы қайтарып алынды,-делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.
Осыған дейін Алматыда есірткі зертханаларын прекурсорлармен қамтамасыз ететін ірі қылмыстық желі жойылғаны туралы жаздық.