Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҰҚК

Күдікті адамдарды бопсалап, қомақты қаражат алып отырған.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: ҰҚК

Осы іс аясында қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік Алматыда ұрланған телефондарды өткізетін орын анықталған еді