Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекеттік тудың көлемі 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.
Еске салайық, бүгін Алматыда мерекеге орай дрондар шоуы өтеді: сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да «Астана» алаңында 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін 3D бейнелер жасайды.
Оған қоса, сағат 20:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысқанын жазғанбыз. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.