Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, бұл шешім Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылданған.
— Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған, — деп хабарлады ведомство.
25 шілдеден бастап маршруттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:
№ 218 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі — Саин көшесі — Абай даңғылы — Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу — Абай даңғылы — «Б. Момышұлы метро бекеті» соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро бекеті» — Абай даңғылы — Саин көшесі — Мөңке би көшесі — әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
№ 238 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Саин көшесі — Төле би көшесі — «Автостанция» соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: «Автостанция» — Төле би көшесі — Саин көшесінен кейін кері бұрылу — Төле би көшесі — Саин көшесі — әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
№ 61 маршрут
- Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы — Саин көшесі — әл-Фараби даңғылы — «Арман» автостанциясы соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: «Арман» автостанциясы — Жароков көшесінің жолайырығы — әл-Фараби даңғылы — Саин көшесі — Абай даңғылы — әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.
Еске салайық, бұған дейін Төле би көшесін ұзартуға байланысты автобус бағыттары өзгеретінін жазғанбыз.