Алматыда самса сататын заңсыз дүңгіршектер бұзылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әуезов ауданында 63 заңсыз сауда нысаны мен 28 ойын автоматы бұзылды.

Алматыда мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

– Әуезов ауданында 63 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны және 28 ойын автоматы (силомер) бөлшектелді. Атап айтқанда, Жұбанов пен Момышұлы көшелерінде орналасқан самса, пицца және чебурек сататын заңсыз дүңгіршек бұзылды, – деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 302 заңсыз нысан 222 ойын автоматы бұзылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, қалада 157 стационарлық емес сауда нысандарын орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.

Еске салсақ, бұған дейін стационарлық емес заңсыз сауда нысандардың бұзылатыны туралы жазған едік