Әлеуметтік желілерде жұмысшылардың арықтардың үстіне тақталар орнатып жатқан видеосы тарады. Осыған байланысты қала тұрғындары арықтарды жабудың себебіне қызығушылық танытты.
Сонымен қатар арық жүйесі толығымен сақталады. Оның суды бұру қызметі өзгермейді. Арықтың үстін жабу тек шағын учаскеде жүргізіледі және су ағатын науаларды кейін де күтіп-ұстауға мүмкіндік қарастырылған.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, жұмыстар бекітілген жоба аясында жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат — қолданыстағы су бұру жүйесін сақтай отырып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Еске салсақ, Алматының арық жүйесінде ақауы бар 124 учаске анықталды.