Қала әкімдігінің мәліметінше, оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады. Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 «Инватакси» көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік. «Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет.
Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
- 7 (747-19) 5-35-75;
- 7 707 710 60 50 (WhatsApp);
- 7 747 402 64 15 (WhatsApp).
Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
- 7 (727-33) 8-32-78;
- 7 (700-52) 1-26-33;
- 7 777 611 13 57 (WhatsApp).
Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.
Еске салайық, Құрылтай сайлауына байланысты Алматыда қоғамдық көлік тегін болады.