Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат бұзылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.

– Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, ғимаратты бұзу жұмыстары меншік иесінің күшімен, мәжбүрлеу шараларын қолданбай жүзеге асырылды. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты бұзылғанын хабарлаған едік.