Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда заңсыз салынған кезекті нысандар бұзылып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 53 мекенжайындағы тұрғын үй-жайға жапсарлас салынған құрылыс нысаны рұқсатсыз тұрғызылған.

Фото: Алматы әкімдігі

— Басқарма инспекторлары меншік иесінің қоғамдық жерде өлшемі 11,3 × 3,52 метр және 9 × 2,5 метр болатын Г әрпі тәрізді қосалқы нысанды өз бетінше салғанын анықтаған, — делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігі

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде меншік иесі заңсыз салынған нысанды өз еркімен бұзып, алып тастады.

Еске салайық, Алматыда жол бойындағы заңсыз нысан бұзылып жатқанын жазғанбыз.

Жалпы Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 52 нысан бұзылғанын да хабарлаған едік.