Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.
- Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Дөң кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып, екі жұмысшы көз жұмғанын жазған едік.