Алматыда теннистен АТР 250 жарысының жеребесі тартылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Теңіз деңгейінен 1 700 метр биіктікте орналасқан Аюсай үңгіріндегі визит орталығында Алматыда алғаш рет өтетін Almaty Open АТР 250 турнирінің жеребесі тартылды.
Фото: ҚТФ
Жеребеге қазақстандық Тимофей Скатов және мажарстандық Фабиан Марожан қатысты. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген америкалық Фрэнсис Тиафо доданы екінші айналымнан бастайды.
Тимофей Скатов алғашқы айналымда чехиялық Томаш Махачпен шеберлік байқасады. Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысы жеңімпаздарымен кездеседі.
Фото: ҚТФ
Жеребе тартудың ресми бөлігінен кейін Тимофей мен Фабиан теннис ойнап көрді. Содан кейін қатысушылар Аюсай үңгіріндегі сарқыраманы тамашалады.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).