«22 мамырда Түрксіб ауданы аумағында Волочаевская көшесінің бойында көлемі 30 текше метр топырақ түсіп, өзен арнасын жартылай жауып қалды. Қазіргі уақытта құтқару қызметі тазарту жұмыстарын жүргізуде», - дейді : Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Ерасыл Жолдыбаев.
Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын.
Сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданында «Ақсай» бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түскені туралы жазған едік.