Алматыда тұрғындар таңдаған 32 жоба жүзеге асырылды

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістікті дамытатын 32 жобаның іске асырылғанын хабарлады.

Биыл аудан аумағында:

— 7 жаңа келбетке ие болған алаңқай,
— 6 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы,
— 6 абаттанған аула аумағы,
— 6 автоматты суару жүйесі,
— 3 балалар мен спорт алаңдары,
— 4 сыртқы жарықтандыру желісі пайда болды.

Фото: Алматы әкімдігі

Әкімнің айтуынша, тұрғындар ауданның дамуына қолдау білдіріп отыр. Қазір 2026 жылға 359 рекордтық өтініш түскен, бұл турксібтіктердің белсенді бола түсіп, бағдарламаға үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Алматыда коммуналдық төлем бойынша тағы бір қызметті онлайн орындауға болады.

Фото: Алматы әкімдігі