Алматыда тұрғындар таңдаған 32 жоба жүзеге асырылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістікті дамытатын 32 жобаның іске асырылғанын хабарлады.
Фото: Алматы әкімдігі
Биыл аудан аумағында:
— 7 жаңа келбетке ие болған алаңқай, — 6 жаңа жаяу жүргіншілер аймағы, — 6 абаттанған аула аумағы, — 6 автоматты суару жүйесі, — 3 балалар мен спорт алаңдары, — 4 сыртқы жарықтандыру желісі пайда болды.
Фото: Алматы әкімдігі
Әкімнің айтуынша, тұрғындар ауданның дамуына қолдау білдіріп отыр. Қазір 2026 жылға 359 рекордтық өтініш түскен, бұл турксібтіктердің белсенді бола түсіп, бағдарламаға үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.
Фото: Алматы әкімдігі
Айта кетейік, Алматыда коммуналдық төлем бойынша тағы бір қызметті онлайн орындауға болады.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.