Алматыда туризм саласынан түскен салық түсімі екі есеге артты

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 млн турист келді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп.

– Қонақтар санының артуы қала экономикасына тікелей әсер етті: туризм саласынан түскен салықтық түсімдері 11 айда 85,5 миллиард теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есеге артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 92,9 миллиард теңгеге жетті,– деп хабарлады әкімдіктен.

Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды, оның ішінде 20 қонақүй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 қонақ үй бар. Бұл 836 бөлме қосып, туристерді қабылдау инфрақұрылымын айтарлықтай нығайтты.

Фото: Алматы әкімдігі

– 2025 жылы қала инвесторларды тартуды, туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық аренадағы орнын нығайтуды жалғастырып, Алматыны Орталық Азияның жетекші туристік бағыты ретінде одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отыр,–деп атап өтті әкімдіктен. 

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Алматы саяхаттауға тұрарлық ең үздік орындар тізіміне енді. 

Осыған дейін Алматыға 1,7 миллионнан астам турист келгені туралы жазған едік

Алматы - елдің қаржылық, ғылыми, мәдени және экономикалық орталығы ғана емес, сонымен қатар туристік орталық.Ондағы табиғатты, тарихи және көрікті жерлерді тамашалауға, демалуға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көптеп келеді