Көлік холдингінің мәліметінше, № 64 бағытындағы өзгерістер Сырғабеков көшесінің Алматы көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігінде кәріз желісін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізіледі.
№ 64
Батыс бағытта: Восточная көшесі (батыс) — Сырғабеков көшесі (солтүстік) — Әл-Фараби даңғылы (шығыс) — «Esentai Mall» сауда-ойын-сауық орталығы — Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта кері бұрылу — Серкебаев көшесі (солтүстік) — әрі қарай сызбаға сәйкес.
Шығыс бағытта: Есеналиев көшесі (оңтүстік) — Алматинская көшесі (шығыс) — Есеналиев көшесі (солтүстік) — Әл-Фараби даңғылы (шығыс) — Сырғабеков көшесі (оңтүстік) — Восточная көшесі (шығыс) — әрі қарай сызбаға сәйкес.
Сонымен қатар 21 қазаннан бастап № 218 және № 238 автобус маршруттарының қозғалысы да өзгереді.
№ 238 автобус Сайын көшесінің орнына Бауыржан Момышұлы көшесімен қатынайды.
Ал № 218 автобустың қозғалысы Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелері арқылы ұйымдастырылады. Сонымен бірге маршруттың бақылау нүктесі «Автостанция» аялдамасына ауыстырылады.
Үш бағыттың жолаушыларына сапарларын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді алдын ала ескеру ұсынылады.
Еске салайық, алматылықтар лық толған автобустарға шағымданып жатқаны хабарланды.