Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2007 жылы туған сарбаз қазір қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Жағдайы — орташа ауыр.
— Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологі кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізіліп жатыр, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Еске салайық, 2025 жылғы 4 қазанда Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткен еді. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.