«Олар өз мамандығының үздік қызметкерлері: тергеуші, жедел уәкіл, патрульдік қызметкер, учаскелік инспектор, ювеналды полицияның өкілі, криминалист, анықтаушы, кинолог және ЖҚАЖ қызметкерлері. Іріктеу кезінде қызметкерлердің кәсіби ғана емес, жеке қасиеттері де ескерілді. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметінің жарқын өкілдерімен танысуы үшін мереке алдындағы атмосфераны құру маңызды болды. Яғни, мәселе визиттік карточка жайында болып отыр», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында полицейлерге тап беріп, соққыға жыққан жолаушы ұсталғанын жазған едік.