Алматыда заңсыз қару қолданған 16 жастағы жасөспірім ұсталды
18:28, 15 Қаңтар 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда сигналдық қаруы бар жас жігіт ұсталды.
Алматы полициясының мәліметінше, «102» пультіне белгісіз жігіт аспанға екі рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы бұзақыны көп ұзамай ұстаған.
— Ол қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылды, - деп хабарлайды департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.