Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда 26 жастағы Ресей азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Фото: Алматы полициясы

Алматы қаласы Полиция депараментінің мәліметінше, Станислав Конаков есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы мемлекетаралық іздеуге жарияланған. Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда күдікті қашып кеткен.

- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да бір ай бойы іздеуде жүрген алаяқ Ақмола облысында ұсталғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар