Алматы полициясының мәліметінше, «102» пультіне белгісіз жігіт аспанға екі рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы бұзақыны көп ұзамай ұстаған.
— Ол қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылды, - деп хабарлайды департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.